Шара барысында «Өнертану» мамандығы бойынша философия докторы, қауымдастырылған профессор,Құдайберген Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Музыка және хореграфия» кафедрасынан Райымбергенов Абдрашид Ысқақұлы күйші БақытБасығараевтың шығармашылығы жөнінде айтып өтті.Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейініңДанабаева Жаңылған Әлімбайқызы музей қорында сақталған деректері туралы ақпарат беріп, 1992 жылы наурыз мерекесі қарсанында түсірілген «Күй құдіреті» күйші Бақыт Басығараев репертуарынан бейнебаян дерегімен бөлісті. Күйшінің ұрпақтары Эльмира Басығараева, Әділ Басығараев,Гүлбану Басығараева көңіл түкпіріндегі әке туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Республикалық «Күйшілер одағының» облыстық филиалының төрағасы, күйші әрі ұстаз, ҚР Мәдениетсаласының үздігіХамзин Талап Еділханұлы: Бақыт Басығараевтың«Толқында»күйінің шығу тарихына тоқталып,орындады.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Күзенбаев Балымбет Бейсенбайұлы,Қазанғап мектебінің оқытушысы Төребек Мұстафин бастаған белгілі күйшілердің шәкірттері, Аманқос Табыншаев, Әлқадыр Шайқақов, Қажымұқан Нұралиев, Жалғас Болатұлы қатысып Қазанғаптың «Күй шақырғыш Ақжелең»,«Торы ат», «Құс қайтару»,«Домалатпай» күйлерін,сонымен қатар Бақыт Басығараевтың «Толқында», «Аманғосым аман бол», Халық күйі «Ноғайлының босуы»тағы да басқа күйлерін орындады.
Күй кешіне «Күйшілер одағы»республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының мүшелері, мәдениет қызметкерлері,күйші ұрпақтары,жерлестері,қаламыздағы жоғарғы және арнаулы оқу орын оқытушылары мен студенттері, БАҚ қатысты.
Кешке «Қазанғаптың бірегей ізбасары»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директоры Хакимова Сұлушаш Максимқызы шара қонақтарына және қатысушыларға алғыстарын білдірді.








.png)










