25 ақпан күні журналист, қоғам қайраткері Бақытхан Жаншаның балаларға арналған «Мөлдір әлем» әңгімелер жинағы таныстырылады.
Жаңа кітаптың таныстырылымына Ақтөбе облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты Бижан Қалмағанбетов, облыстық мәслихат депутаты, «Аманат» партиясы Ақтөбе облыстық фракциясының жетекшісі Күлпаршын Айдарханова, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Айдана Серікбаева, жазушы-сатирик, журналист Ардақ Қонақбаева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров және өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар менкітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында Бақытхан Құрманқызы өзінің журналистикаға алғашқы қадамы мен көп жылдық еңбегі, жеке шығармашылығы турасында әңгімеледі. Сондай-ақ прозалық шығармаларды жазудағы ой-сезімдерімен бөлісті.
Автордың жаңа кітабындағы әңгімелері оқырманның санасына адамгершілік, еңбекқорлық және мейірімділік секілді ізгі қасиеттердің дәнін егеді. Осынау әңгімелер жинағында Есет батыр және «Көрінбес Көктемір» атанған Сапура Мәтенқызы сынды тарихи тұлғалардың ерліктері суреттелетін шығармалары да бар.
Кітапхана қызметкері Рысжан Қарагұлова қаламгердің шығармашылығына, журналистикадағы жалынды жылдарына арналған «Журналистикадағы жүйрік жылдар» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.









.png)










