18 қаңтар күні кітапханамыздың «Қаламгер» әдеби қонақжайында Шопықұлы Қалнияз жыраудың «Ер Қармыс» атты кітабының тұсаукесері өтті.
XIX ғасырда жорық жыршысы атанған жауынгер ақындардың бірі – Қалнияз Шопықұлы (1816-1902) тапқыр да ойлы өлеңдерімен, ауыздан ауызға көшкен ерлік толғауларымен, «Қырық батыр» жырларын айтып таратумен ел арасында кең танылған.
Қалнияз жыраудың «ЕР ҚАРМЫС» дастаны тұңғыш рет 80 беттік жеке кітап болып шықты. Түрлі түсті суреттермен безендіріліп, сапалы қағазға басылған. Мектеп оқушылары үшін өте тартымды. «Ер қаруы - бес қару» туралы толық мәлімет берілген.