Warning: Declaration of AriDocsViewerContentPlugin::replaceCallback($attrs, $content) should be compatible with AriMambotBase::replaceCallback($attrs) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 113
«Тұлға психологиясы» тренингі
«Тұлға психологиясы» тренингі

   С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында журналист, психолог Арайлым Букенбаеваның «Тұлға психологиясы» атты тренингі өтті.
Тренинг мақсаты - адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің қалыптасуының психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу, әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу болып табылады.
   Журналист, психолог Арайлым Букенбаеваның қатысуымен өткен тренинг  барысында қатысушылар бір-бірінің пікірін құрметтеу, өз-өзіне сенбеушілік сезімдерін жою мәселелері сөз болды.Тұлғалық қасиеттерді  анықтау жолдары көрсетілді, адамның бес түрлі мүмкіндіктері  талқыланды.
    Шараға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толық мәлімет алып шыққандарын ризашылықтарын білдірді.