28 қаңтар күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінде «Оқитын өлке - 2021» облыстық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі өткізілді. Аталмыш акция Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Сараптама нәтижесінде көпшілік оқуға Е.Ашықбаев, Ә.Кердері, Б.Тәжібаев, А.Өтегенов, Р.Мир-Хайдаров, Ө.Қанахин, С.Мыңжасарова, Т.Шонанов, Б.Күлеев, М.Айымбетов шығармалары ұсынылды.
Комиссия мүшелері алдын ала аудан, қала, облыс көлемінде жүргізілген сауалнамалар нәтежесі бойынша жерлес ақын-жазушылардың әдеби шығармаларын сараптап, дауысқа салып, бірауыздан «Оқитын өлке - 2021» облыстық акциясына ақын Амантай Өтегеновтің шығармаларын оқуға таңдау жасады. Себебі, Амантай Өтегенов - өзінің ерекше стилі бар ақын. Ол, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев шығармаларын аударып, қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен Ақтөбе өңірін орыс халқына танытты.
Қалың оқырман қауым арасында қарымды қаламгер ретінде еңбектері лайықты бағаланып, жарқын бейнесі ешқашан да ұмытылмайды.
- 1314
Пайдалы сілтемелер