«Парасат жолы» өңірлік орталықтарының ашылуы

Ақпан айының басында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының және республика бойынша барлық облыстық кітапханалардың қатысуымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» өңірлік орталықтарының ашылу салтанатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова жоба аясында кітапханалар мен орталықтың бірлескен жұмысы туралы Меморандумға қол қойған болатын. Осы жұмыстың нәтижесінде 19 ақпан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыс (қала, аудан, ауыл) кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтарының ашылуы өткізілді.
Негізгі мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жоба аясында «Парасат жолы» орталығында мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең, жас ұрпаққа берер тәрбиесі зор іс – шаралар өткізіледі деп жоспарлануда.
Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Досанов, қоғам қайраткері Р.Отыншин, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі А.Тайжанов, ақын, журналист Б.Бабажанұлы, ақын Т.Тілеулесов, қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің басшылары мен кітапхана директорлары, қызметкерлері қатысты.
Аталмыш шараға орай жұмыс жоспары құрылып, мақсат етiлген нәтижеге қол жеткізу үшін маңызы зор iс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басты назарда болары анық.

baishevabiblioteka 151244755 112230284218805 8149984057068514884 nbaishevabiblioteka 151413549 719598422252643 2707339470560391295 nbaishevabiblioteka 151457461 240504507720952 3045289693782489851 nbaishevabiblioteka 151733589 440488383670676 716062338012623022 nbaishevabiblioteka 152048706 2855335928070123 7206127033540363052 n