С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 15 наурыз - Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай «Өз құқығың - қорғаның» атты Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандары қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында атаулы күннің тарихы, тұтынушы құқығы, сатушының міндеттері және де көптеген басқа да мәселелер талқыланды. Жиында кәсіпкер мен тұтынушы арасындағы дауды сотқа дейін апармай медиация жолымен шешуге болатыны да сөз болды.