«Алаш деп туған арысым» атты тарихи танымдық шара

14 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің 130 жылдық мерейтойына орай «Алаш деп туған арысым» атты тарихи танымдық шарасы өткізілді.
Кітапхана қабырғасының zoom-online қосымшасында өткен танымдық шарасында өз заманындағы қазақ мемлекетін құрған Ұ.Құлымбетовтің Қазақстанға сіңірген еңбегі, қазақ тарихындағы орны қандай, оның тұлғалық қасиеті қалай танылды секілді мәселелер кеңінен баяндалды. Іс-шараға Ұ.Құлымбетовтың қызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Еңбегі сіңген ұстаз - О.Қарабалина-Қазыбаева, Ұ.Құлымбетовтің туысы – Ж.Ағыбаев, «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, тарих ғылымдарының докторы, доцент - С.Ә.Смағұлова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты - Ә.Б.Аман, Өлкетанушы, Ұ.Құлымбетов туралы тарихи деректерді жинаушы - Б.Б.Мырзабай, Ырғыз аудандық тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызметкері - С.Ә.Сарина, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандары, «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері қатысты.

baishevabiblioteka 172334227 593805111579580 4707627893885069568 nbaishevabiblioteka 172365845 121117890070138 7806375522289442761 nbaishevabiblioteka 172573882 205555301016798 5653110970887653933 nbaishevabiblioteka 172639711 128314462601333 330721239026256338 nbaishevabiblioteka 173173507 203212524617212 6626932456256827681 nbaishevabiblioteka 173472182 487234515746763 8163080260699656310 n