19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» ұлттық спорт күні аясында кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімі ҚР самбо және дзюдодан еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, Халықаралық төреші - Асылбек Құлмағамбетов және ҚР бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, 2001-2003 ж.ж. ҚР үздік бапкері - Әлімбек Балмағамбетовтің қатысуымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты ZOOM қосымшасында әңгіме-сұхбатын өткізді.
2004-2006 жылдары Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмахан Азия чемпионатына дайындық өткізуге іс-сапармен Шымкент қаласында болса да, қатысушыларға жылы лебізін бейне жазба арқылы жолдады. Облыстық балалар - жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен оқушылары, аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің психологі Т.Советова сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, құрметті спорт қайраткерлерімен танымды сұхбат жүргізді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылар жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды, қазіргі жастардың алғырлығы мен патриоттық сезімі жоғары екенін атап өтті.
- 462
Пайдалы сілтемелер