«Ел қорғаған Ер Исатай» тарихи - танымдық шарасы

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында XIX ғасырда ұлт азаттығы жолында күрескен Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орайластырылған «Ел қорғаған Ер Исатай» атты тарихи - танымдық шарасы ZOOM қосымшасында өтті. Шараға құрметті қонақ болып Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарихшы-исатайтанушы А.Шамғонов қатысып, тарихи деректерге сүйене отырып Исатай Тайманұлының өмірі мен тарих беттеріндегі орасан зор қызметі мен беделі туралы айтқан тұшымды әңгімелері Ақтөбе аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің қызметкерлері мен оқырмандарына кеңінен жеткізілді. «Исатай» қоғамдық қорының төрағасы Е.Құрманбек ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мән мен маңызға толы тойда тәуелсіздікке ұмтылған, азаттықты аңсаған халықтың ұлы перзенті Тайманұлы Исатай батырды қазіргі кезеңге сай ұлықтау, лайықты құрмет көрсету – ұрпақ парызы екенін сөзге тиек етіп, Исатай батырға тұрғызылған кесене, ескерткіштер, әдеби мұралар туралы мол ақпараттармен бөлісті. «Исатай Тайманов» атындағы Қобда аудандық  мектеп-гимназиясының директоры  Ж.Атамуратова,Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві, аға  ғылыми қызметкері Д.Сарбаевөз пікірлерін білдірді. Исатай Тайманұлының өмір жолы, ерен ерліктері, көсемдік, шешендік қабілеттері және оның үрім-бұтақтары туралы кеңінен зерттеп, қалам тербеп, бірнеше кітап шығарған исатайтанушы А.Шамғоновтың «Ұлы дала батыры – Тайманның ұлы Исатай» атты кітабы туралы бейне шолу көрсетілді.

WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.47WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.478WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.475WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.4710WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.4712