15 мамыр күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе – алтын бесігім» атты жазғы шығармашылық маусымның ашылуына байланысты Сулы-жасыл бульварда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы», күйші Жайлау Асылхановпен «Әке – отбасы тірегі» атты кездесу кеші өтті.
Қазақылық қасиеті мен төл өнердің бағы қонған, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып өнерге баулитын, қоғамдық маңызды іс-шараларға үнемі атсалысып жүретін өнегелі отбасымен өткен кеш көңілден шықты. Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған кездесуге келіп, күмбірлетіп күй төгіп, әсерлі ой бөліскен Жайлау Асылхановқа кітапхана директоры Құралай Серікқызы Раймбаева алғыс білдіріп, гүл шоғын сыйлады.
Сонымен қатар оқу залы бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңына арнап «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдардан тың деректер қойылды.
- 765
Пайдалы сілтемелер