«Зардаптары толастамаған Чернобыль» атты облыстық байқауы

18 мамыр күні кітапхананың оқу залы қызметкерлері Чернобыль апатының 35 жылдық тарихына орай   ұйымдастырған «Зардаптары толастамаған Чернобыль» атты облыстық байқауының жеңімпаздарын  марапаттау  рәсімін өткізді.Чернобыль апатындай алпауыт апаттың болуын еш ел қаламайды. Бейбіт, тыныш заманды қалайтын халыққа ядролық энергияның зияны тимесе    екен деп, апат салдарын болдырмау үшін  жас ұрпақты  іс-шараларға араластыру арқылы Чернобыль зардаптары, экологиялық тақырыптар жайында танымдық білімдерін көтеру мақсатында   «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен   Чернобыль апатының 35 жылдық тарихына орай «Зардаптары толастамаған Чернобыль» атты облыстық байқауын ұйымдастырған болатын.
Аталмыш байқауға  қаламыздағы жасы 16 жастан бастап, 23 жасқа дейінгі    кәсіптік орта мен жоғарғы оқу орындарының студенттері ұсынылып отырған тақырыпты ашатын қазақ және орыс тілдерінде көркем мазмұнды «Чернобыль апатының зардабында» эссе жазу және экологиялық тақырыпқа арналған «Табиғат тағдыры –адам тағдыры» тақырыбында сурет салу бойынша қатысты.       
Нәтижесінде, екі ай уақыт берілген мерзімде байқауға қатысуға өтінім бергендердің жалпы саны - 28, оның ішінде, мектеп мұғалімдерінің оқушыларына жетекшілік ету мақсатында-8 оқушы, кәсіптік орта оқу орнынан – 20 студент  болды. Бүгінгі күнге қазақ тілінде:  22 жұмыс, орыс тілінде:  6 жұмыс қабылданды. Байқау комиссиясының төрайымы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің оқытушысыА.Б.Абдуллина эссе жазудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, құрылымын түсіндіріп, қаралған жұмыстарға тоқталып  өтті. Комиссия мүшелері: қалалық оқушылар Сарайының  қосымша оқыту педагогы Ж.А.Самарбаева тапсырылған суреттер бойынша бағасын берсе, абонемент бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Суюнова орыс тілінде қабылданған жазбаша жұмыстарға жеке пікірін білдірді.
Сонымен, Чернобыль апатының 35 жылдық тарихына орай ұйымдастырылған «Зардаптары толастамаған Чернобыль» атты облыстық байқауының қорытындысы бойынша Бас жүлде - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенті Р.Асқарқызы,1 орын -  №60 орта мектептің 10 класс оқушысы Г. Жұмабекова, 2 орын - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенті  Қ.Қайратқызы мен № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 11 класс оқушысы Д.Дәулетші, 3 орын - М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 класс оқушысы Ф.Орынбасарова, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенті С.Подгорная, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Әсемай Ерланова, «Жас талант» номинациясымен №31 орта мектебінің 9 класс оқушысы Мұратова Дильназ марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына Сертификат табысталды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Ә.Алатаева кітапхана оқырмандарына экология мәселелеріне көңіл бөлу,  табиғатты қорғау, аялау қажеттігі туралы ойларын жеткізіп, байқауға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

IMG 0005IMG 0006IMG 0010IMG 0017IMG 0025IMG 0029IMG 0039IMG 0041IMG 0044