Warning: Declaration of AriDocsViewerContentPlugin::replaceCallback($attrs, $content) should be compatible with AriMambotBase::replaceCallback($attrs) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/baishev.kz/plugins/system/aridocsviewer/aridocsviewer.php on line 113
«Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам айнасы» атты мерекелік кеш
«Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам айнасы» атты мерекелік кеш

21 маусым күні кітапханамызда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам айнасы» атты мерекелік кеші өткізілді. Шараға «AQTOBE» телеарнасының директоры Мирас Мұқаш, республикалық «ТДК-42» каналының меншікті тілшісі Лейла Ауесова, «Время» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Ақмарал Майкузова, «Тандем» радиосының жүргізушісі Айсын  Байтақова, «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Виноградова Татьяна, «Ақтөбе» радиосының жүргізушісі Салтанат Амандық және «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшілері қатысты. Ұшқыр қалам иелерін кітапхана ұжымы, оқырмандар, ҚР Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімі, №30, №51 мектеп оқушылары Амина Сагиданова және Айзере Сандыбай құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, әсем әндерін жолдады.

123456789