«Адалдық – ардың айнасы» атты дөңгелек үстел

23 қыркүйек күні кітапхана мәжіліс залында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Адалдық – ардың айнасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараға философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі А.Т.Тайжанов, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің басшысы Қ.С.Серікжанов, Облыстық ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Ж.С.Мұхамбетпаизова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Д.Абекенов, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Т.Б.Тілеулесов және кітапхана оқырмандары, студенттер, шығармашылық интеллигенция өкілдері, ҮЕҰ мен академиялық қоғамдастық мүшелері қатысты. Шараның модераторы - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.С.Раймбаева.         Шараның мақсаты - қоғамда парасаттылық идеологиясын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру.
Дөңгелек үстел барысында шара қонақтары сыбайлас жемқорлық ұғымын тереңірек түсіндіре отырып, адами құндылықтарға – оның ішінде адам бойындағы парасаттылық, ізгілік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

IMG 0086IMG 0090IMG 0101IMG 0109IMG 0112