5 қазан күні мұғалімдер күніне арналған «Учитель – мастер и творец...» атты Ақтөбе қаласының №23 мектеп лицейінің ағылшын тілі мұғалімі, «Почётный работник образования», «Лучший учитель Казахстана 2012», «Человек года Актюбинской области 2015 года» атақтарының иегері Наталья Александровна Пеннермен кездесу өтті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, бүгінгі шара ұстазға деген құрмет мақсатында өткізілді. Сұхбат барысында Наталья Александровна өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жұмысымен және жобаларымен таныстырды. Шараға қатысушылар сұрақтар қойып, алғыстарын білдірді.
- 315
Пайдалы сілтемелер