Облыстық кітапхананың «Қаламгер» әдеби қонақжайында Алты алашқа аты мәлім, даланың дана философы атанған Мөңке Тілеуұлының шығармалары Түркияның Стамбул қаласында түрік тілінде басылып шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл шараға Алматы қаласынан кітаптың шығуына тікелей себепкер болған түрік ғалымы Мехмет Арсылан, «Мөңке би» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Қосанов мырзалар өз құттықтауларын бейне жазба арқылы жеткізді. Кітап авторы филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асан Мөңке би бір рудың адамы ғана емес, түркі әлеміне ортақ адам екенін тілге тиек етті. «Едіге» қоғамдық қорының төрағасы Ахат Ахметұлы, журналист Нұрмұханбет Дияров және Мөңке аталығынан тараған ұрпақтары ZOOM платформасы арқылы ыстық ықыластарын білдірді. Елімізге танымал күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жайлау Асылханов Мөңкенің «Жиын алқа кеңес» күйін орындап берді. Ақтөбе «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Камалы Қуат пен Дилекчи Яхья түрік тілінде Мөңкенің шығармаларын жатқа айтып, көңілді серпілтіп тастады. Кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, жастарды кітап оқуға шақырды.
- 372
Пайдалы сілтемелер