«Мен – Өлеңмін, Өлмеуім керек менің...» атты әдеби сағат

21 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың 80 жасқа толуына орай  «Мен – Өлеңмін, Өлмеуім керек менің...» атты әдеби сағат өткізілді. Шараға «Руханият» клубының мүшелері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Адилова және колледж студенттері қатысты.Шара барысында кітапхана қызметкері А.Мұқашева И.Сапарбайдың әдеби мұрасы, яғни шығармаларына тереңірек тоқталды.  Сонымен қатар Нурабекова Альбина «Бағыңды бағала», Ахметова Гүлзат «Махаббат деген» ақынның әндерін шырқады. Рашит Әсем «Туған жер», Тыныштық Томирис «Терісқақпай», Тәжібаева Нұрбақыт «Көңілім сұлулыққа бір қанбады», Латипбаева Гулсана «Қазақ қызы», Қызылова Аружан «Қордаш», Смагулова Гүлсая «Күз, қыс және мен» сияқты өлеңдерін оқыды.
Өткізілген шара соңында кітапхана директоры Қ.С.Раймбаева қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіре келіп, жастарды рухани сусындауға шақырды.

IMG 0065IMG 0058IMG 0060IMG 0112IMG 0116