«Литература без границ» жобасы аясында оnline-кездесу

13 қараша күні «Литература без границ»   жобасы  аясында  Ульяновск қаласы Е. А. Евтушенко  ат. №4  қалалық кітапханамен кезекті оnline-кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты:   Ақтөбе (Қазақстан Республикасы) және Ульяновск (Ресей)  қалаларының жазушылары мен  ақындарын таныстыру, әдеби бірлестіктерімен  қарым - қатынас жасау. «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Б.А. Снабаева  кітапхананың  Ақтөбе ақын  - жазушыларымен бірлескен жұмысы мен әдеби өлкетану  туралы айтып берді. Ульяновск және Ақтөбе ақындары арасында диалог форматында өткен кездесу барысында  Ульяновск қаласынан «Пегас», «На волне вдохновения», «Венец поэзии» әдеби клубтарының мүшелері, Ақтөбенің атынан ақын П.А. Курочкин, I BOOK YOU_AKTOBE, «Феникс» клубтарының мүшелері қатысып, әр қатысушы өзін  және шығармашылығымен таныстырды. Кездесу   жанды қарым-қатынас жағдайында өтіп , қатысушылар өзара қызығушылық әдебиет туралы әңгімелесті, өлеңдерін оқыды.

baishevabiblioteka 256395767 1032875234227691 1526171222613140408 n1baishevabiblioteka 247883977 356552976221898 1183525881297730336 n1baishevabiblioteka 248394471 216718413928569 147635782749848462 nbaishevabiblioteka 256147740 1342135966224106 3697018567121006471 n1baishevabiblioteka 256606652 1070495240442056 5978001803354313708 nbaishevabiblioteka 256892381 407597867667911 671197577967763262 n