«Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты зияткерлік сайысы

8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кітапханада «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты - оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру, қазіргі уақыт талабына сай жоғары білімді, интеллектуалды полиглот болуға тарту болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Зияткерлік ойынға қаламыздың №60, №61, №75 жалпы білім беретін мектептер мен М. Арын атындағы Қарғалы қазақ  мектебінің 9-11 класс оқушылары және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ойын 5 турдан тұрды:
1) Presentation (Өзін-өзі таныстыру)
2) «Baiga» (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
3) «Kokpar» (ұйқас синонимдерді табу)
4) «Spelling Bee» (ағылшын тілінде сөздердің оқылуы)
5)  «Doda» (Ағылшын тілінде викториналық сұрақтарға жауап беру).

Ойын барысында оқушылар тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтарып, танымдық қабілеттерін көрсете білді. Шара соңында әділқазы мүшелері С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері жеңімпаздарды анықтап, дипломдар марапаттады.
1 орын - М. Арын атындағы Қарғалы қазақ мектебі
2 орын - №61 жалпы білім беретін орта мектебі
3 орын - №60 жалпы білім беретін орта мектебі
3 орын - № 75 жалпы білім беретін орта мектебі алды

1IMG 0057IMG 0062IMG 0066IMG 0080IMG 0097IMG 0107IMG 0119IMG 0121