«Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған  «Айсын» радиожурналистика мектебінің қатысуымен «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Ақынның өлмес мұрасынан сыр шертетін қызықты деректер айтылды. Поэзия кешін А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті Д.Жумагулова «Сәби болғым келеді» әнімен ашты. «Айсын» радиожурналистика мектебінің дарынды оқушылары Ә.Мусин, І.Іңкәр, Ш.Сәтбергенқызы, Б.Бейбарыс, А.Сарман, А.Танирбергенқызы, Е.Сырымова, А.Амантай, А.Серікова, А.Қалмағанбет, К.Есмағанбет, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті А.Нұрымбетова, кітапхана оқырмандары Е.Шығанақ, Н.Құдабай сыршыл лирикаға толы ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.

   Мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың», «Сен менің жанарымның ішіндесің», «Мен деп ойла», «Жалаң аяқ қыз», «Қайран жеңгем» сияқты ел аузында жүрген танымал әндерді «Тандем» радиосының тілшісі, «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі А.Байтакова, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Р.Жиенғалиев, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, талантты жас әнші Б.Нұрлыбай тамылжыта орындады.

 

baishevabiblioteka 266335806 492923732052086 5962302756896728313 nbaishevabiblioteka 267222563 199662499032601 7514851172105529479 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 n