«Тарих толқынындағы Ақтөбе өңірі» атты танымдық конференция

4 наурыз күні кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімі Ақтөбе облысы құрылғанына 90 жыл толуына (1932 ж.) арналған «Тарих толқынындағы Ақтөбе өңірі»  атты танымдық конференциясын өткізді. Танымдық конференцияның алғы сөзі Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Мейірханқызына берілді. Г.Маханова: «Ұлт рухын өсіріп, халық аманатын ақтаған тұлғалардың өнегесін кейінге мұра етіп қалдырып, көнеден қалған өлкеміздің тарихын, экономикасын, әдебиеті мен мәдениетін, жалпы 90 жылдық тарихы бар Ақтебе өңірінің кешегі мен бүгінгі көрінісін өскелең ұрпақтың қазынасына айналдыру мақсатында кітапхананның өткізіп жатқан бүгінгі конференциясы игі істердің бірі» - деп атап өтті. Ұлы Даланың орасан зор аймағын қамтып, өркениет көшіне ілесіп жүрген Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған  танымдық конференциясының құрметті қонақтары: Н.Абдоллаев - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  Өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Б.Жүнісов – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Ж.Ғанибаева - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми кеңесшісі, А.Абдуллина – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, А.Әбденов - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы,  Ә.Дәуренбеков - Исламтанушы ғалым, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, А.Бисембаев – Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейінің  аға ғылыми қызметкері, А.Қайдаров –  Ақтөбе облысының Тарихи мәдени мұраны зерттеу қалпына келтіру және қорғау орталығының тарихшысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, Н.Сокольская - Тенистен облыстық мамандырылған балалар  - жасөспірімдер спорт  мектебінің директоры, Б.Ешмұратова - Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы қатысып, «Ақтөбе облысының тарихы», «Ақтөбе облысының экономикасының қорытындылары мен даму перспективалары», «Ғылым шыңындағы Жұбанов университеті», «Қоғамдағы тұрақтылық – басты құндылық», «Өлке тарихы архив құжаттарында», «Шежірелі өлке», «Туған өлке – тұнған тарих», т.б. тақырыптарында баяндама жасады. Конференция соңында кітапхана директоры Қ.Раймбаева конференцияда танымды әрі мазмұнды баяндама жасап, өлкенің тарихын, экономикасын, білім, спорт, дін салалары бойынша және мәдениет пен әдебиетті дәріптеп, игі істердің бастауында жүрген тарихшы-өлкетанушылар,  ғалымдар, аға оқытушы, ғылыми қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанты кітапхана ұжымын келе жатқан Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының басшысы Д.Қосановтың атынан кітапхана директоры Қ.Раймбаеваға құттықтау хатын табыстады. Конференция қатысушыларына «Тарихы терең Ақтөбе» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

123465