«Өнерім - өмірім» атты мерекелік кеш

3 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері әнші,   республикалық байқаулардың лауреаты, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі, «Арай»  өнер мектебінің  директоры Арайлым Абатқызы Мырзабековамен «Өнерім-өмірім» атты мерекелік кешін   ұйымдастырды. Кеш барысында Арайлым Абатқызы кітапхана оқырмандарын өмірбаянымен  кәсіби жолын және жас ұрпақтың бойындағы дарындылықтарын ұштау, бос уақытын тиімді пайдалану,  өнердегі шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ашылған «Арай» өнер мектебінің жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелеуде өнер мектебі баллада кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыратынын айтты. «Өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі» деп жасынан қазақ ән-жырына құштар боп өскен әнші отбасымен, шәкірттері мен бірге шараға қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекелік шараға Ақтөбе қалалық ІІБ Останкин ауданы 2-ші полиция бөлімінің қызметкерлері, кәсіптік орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері,«Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері,т.б.қатысты.

IMG 0029IMG 0034IMG 0048IMG 0057IMG 0069IMG 0075