«Наурыз-думан» атты мерекелік шара

16 наурыз күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Наурыз-думан» атты мерекелік шарасы өткізілді. Шара барысында ұлтымыздың тамыры болып саналатын ұлттық құндылықтарымыз бен мәңгі өшпес салт-дәстүрлеріміз насихатталды. Кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен бүгінгі таңда ұмыт болып бара жатқан «Бие қысырамас», «Құрсақшашу», «Ашамайға мінгізу», «Абысын асы» салт-дәстүрлері көрсетіліп, әсем әндер шырқалып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Мың бір мақал» сайысы, викториналық ойындар ойнатылды. Сайысқа қатысқан жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Мерекелік шараға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм  және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Назира Табылдинова, кітапханамыздың ардақты ардагерлері Базаргүл  Қалекенова, Несібелі Жұмағұл, Рысты Мұханова, Зиба  Кемелханова қатысып, жүрекжарды тілектерін арнады.

IMG 0010IMG 0031IMG 0065IMG 0086IMG 0094IMG 0114IMG 0146IMG 0156IMG 0198