Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы

29 наурыз күні мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Табылды Досымов» атындағы республикалық қорының директоры Б.Қ.Қалмағанбетов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі аймақтық комиссияның төрайымы Б.Қ.Жаншаева, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Егемен Қазақстан газетінің тілшісі Б.Қ.Сәрсембина, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Р.Балтымова қатысып, Жолдаудың 10 бағыты бойынша тоқталып, тұшымды әңгімелері жастарға үлгі болатындай әсер қалдырды.Шара қонақтары жолдауда айтылған, еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу туралы ашық әңгіме жүргізіп, Ақтөбе байланыс колледжінің студенттерімен сұрақ - жауап түрінде өтті. Жолдауда айтылған халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Әсіресе білім саласында жүрген ұстаздар үшін де үлкен парыз жүктелді, - деп өз сөзінде профессор Мира Рашитқызы айтып өтті. «Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп  шара қонақтары өз ризашылықтарын білдірді.

IMG 0196IMG 0199IMG 0210IMG 0214IMG 0216