«Бар байлығым - ол менің денсаулығым»

7 сәуір күні мәжіліс залында Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтына аса мән беріп, өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Бар байлығым - ол менің денсаулығым» тақырыбында қалалық №3 емханасының дәрігерлерімен кездесу өтті. Аталмыш шараға «Әйелдер кеңесінің» меңгерушісі, акушер-гинеколог А.У.Телякусова, дәрігер-терапевт А.Н.Тугелова және психолог А.С. Бабакулова қатысып, Ақтөбе медициналық колледжінің студенттерімен сыр-сұхбат ретінде өтті. Алия Умерзаққызы жалпы дәрігер болу үшін әрбір ақ халатты абзал жанның мейірімді, алдына келген кез-келген науқастың тілін тауып, жанын түсіне білуі қажет екенін айтып өтті. Акушер – гинеколог маманы қазіргі жас қыздардың болашақ ана болатыны жөнінде айтып, осы кезден денсаулықтарына аса мән беріп, дамып келе жатқан жас ағзаның дұрыс қалыптасуына, саналы түрде жауапкершілікпен қарау керектігі жөнінде айтты. Егер де қандай да бір өзгеріс байқаса, уақыт өткізбей дәрігердің көмегіне жүгінулерін сұрады. Терапевт дәрігер Ақмарал Нурханқызы дүниежүзінде болып жатқан коронавирус індетіне қарсы берілетін вакцинаны алуға кеңес берді. Психолог маманы Айша Сапарғалиқызы психологиялық кеңестермен бөлісіп, әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенбей, бос уақытта психологиялық кітаптар оқуға кеңес берді. «Денсаулық – зор байлық» дегендей, әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық.

1IMG 0195IMG 0196IMG 0200IMG 0207IMG 0210