«Ұлттық киім - ұрпаққа мұра» атты ұлттық киімдер дефилесі

18 наурыз күні Жыл басы – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған апталықтың «Шаттық күніне» орай «Ұлттық киім -ұрпаққа мұра» атты ұлттық киімдер дефилесін өткізді. Қазақ халқының киім мәдениетінен мол мағлұмат беріп, ұлттық киімдердің үздік үлгілерін көрсетіп, насихаттау мақсатында өткізілген шараға  мәдениет саласының қызметкерлері, Ақтөбе сервис колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында қаламыздағы «Әсия» ательесінің киім үлгілері: жас баланың киімінен бастап бойжеткен мен бозбаланың, қалыңдық пен күйеу жігіттің түрлі киім үлгілері, сондай-ақ Ақтөбе сервис колледжі жас дизайнерлерінің заманауи үлгіде тігілген киімдер топтамасы  көрермендер назарына ұсынылды. Шара барысында кеш қонақтары ұлттық киім тарихы туралы бейнероликті тамашалап, арнайы жасақталған «Қазақ халқының ұлттық киімдері» атты кітап көрмесімен танысты. Ұлттық киім дефилесіне қатысып, өнер көрсеткен кеш қонақтары алғыс хаттармен марапатталды.

IMG 0031IMG 0032IMG 0035IMG 0040IMG 0063IMG 0076