«YMYRTTAĞY KITAPHANA»

22 сәуір күні сағат 18.00 - 21.00 аралығында «YMYRTTAĞY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы өтті. Кеш барысында кітапхана келушілерге әдеттегі жұмыс уақытынан кейін, яғни кешқұрым есігін айқара ашты. Шараның негізгі мақсаты - кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар кітап оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізу арқылы жаңашылдыққа бет бұру. Кітапхана кешіне келушілер жаңа кітаптардың, газет-журналдардың көрмесін тамашалап, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері «Қазақ әдебиетіндегі Ана әлемі» атты қойылымын көрсетіп, ән-жыр, би, әдеби-сазды кеш ұйымдастырса, «Рухнама» шығармашылық орталығының жастары жүрекжарды - жырларын тарту етті. Сонымен қатар шараға қатысушылар «Өзгеріс өзімнен басталады» атты психологиялық-мотивациялық тренингке қатысып, түрлі интеллектуалды викториналық сайыстардың куәсі болды. Шара барысында «Өнерлінің өрісі кең» қолөнер жәрмеңкесі өткізіліп, өздерінің әдемі бұйымдарымен кешті әсерлендіре түсті.

IMG 0052IMG 000112314 6IMG 0005IMG 0006IMG 0022IMG 0042IMG 0061IMG 0081IMG 0016