«Алаштың ардақтысы» атты әдеби сағаты

20 мамыр күні кітапхананың абонементтік қамтамасыз ету бөлімі  №69 ЖББО мектебімен бірлесе отырып «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жалпыұлттық оқуға таңдалған  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаштың ардақтысы» атты әдеби сағатын өткізді. Шараның алғысөзі  №69 ЖББО мектебінің директоры Абжалелова Айгүл Амангелдіқызына берілді. Шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.И.Бактыгулов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылыға туралы баяндама жасап,ал Г.С.Алашбаева өзінің ұлы ұстазды ұлықтауға арналған арнауын оқыды. Мектеп оқушылары ақынның «Қазақ халқы», «Қазақ қалпы», «Анама хат» т.б өлеңдерін оқып, «Қасқыр мен қозы» мысалынан көрініс көрсетті. Сонымен қатар әдеби сағатқа арнайы ұйымдастырылған «Ұлтын сүйген ұлы ұстаз» атты кітап көрмесіне абонементтік қамтамасыз ету бөлімінің кітапханашысы  Г. Омарханова библиографиялық шолу жүргізді. Шолуда ақынның ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері, қазіргі заманғы ахметтану ғылымын жан – жақты қамтып, толық ақпарат берілді. Шара соңында әдеби сағатты өткізуге атсалысқан мұғалімдер мен оқушыларға кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы  атынан алғыс хаттар табысталды.

IMG 0019IMG 0026IMG 0031IMG 0042IMG 0048IMG 0054IMG 0059IMG 0074IMG 0124