«Шаңырақ шаттығы»

11 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында 15 мамыр - халықаралық отбасы күні аясында Тукабаевтар отбасымен «Шаңырақ шаттығы» атты отбасылық кездесу-сұхбаты өткізілді. 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу- отбасындағы көптеген түйткілді мәселелердің шешілуін көздейді. «Шаңырақ шаттығы» атты отбасылық кездесу-сұхбатына «КӨЛ-АВТО» ЖШС сату бөлімінің басшысы С.Тукабаев және С.Бәйішев атындағы университетінің ағылшын тілі пәні оқытушысы С.Мұхтарова қатысып, отбасылық құндылық туралы сұрақтарға жауап берді. «Family game» ойыны ойнатылып, қызықты сұхбат өрбіді. Кездесу-сұхбат барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері Ү.Кенжебекқызы, О.Жеңіс, жас талант А.Нетуллина әсем әндерін тамылжыта орындады. Сонымен қатар, Тукабаевтар отбасының тұңғышы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының 2 «в» класс оқушысы Қ.Қаныбеков «Кеңес» күйін тарту етті.

IMG 0025IMG 0028IMG 0031IMG 0040IMG 0044IMG 0046IMG 0071IMG 0079IMG 0085