«KIDS BOOK FEST - 2022»

2022 жыл – Балалар жылына орай Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Абай гүлзарында кітап оқу дәстүрін арттыру мақсатында «KIDS BOOK FEST - 2022» балалар кітап фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалин, облыс әкімінің орынбасары Б.О.Елеусінова, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары, облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар ұжымы қатысты.
Облысымыздағы кітапханалардың қатысуымен өткен фестивальдің ашылу салтанаты аясында библиофреш, зияткерлік ойындар, кітап көрмелері, ашық алаң ойындары, аниматорлармен ойын-сауық шарасы, фото көрмелер, кітап талдау, «Үздік жас оқырман-2022» байқауы жеңімпаздарының марапаттау рәсімі, сурет салу, театрландырылған көріністер, букроссинг, эссе жазу өткізілді.
«KIDS BOOK FEST - 2022» фестивалі маусым, шілде, тамыз айларында әр жұма сайын сағат 18.00 мен 20.00 аралығында 5 бағыт бойынша өтетін болады:

1. «Менің Отаным – Қазақстан!» сурет салу

2. «Біз бақытты баламыз» поэзия, проза, драматургия жанры бойынша мәнерлеп оқу

3. «Қызықты кітаппен демалыс» ертегілер еліне театрландырылған көрініс қою

4. «Еркін оқу кеңістігі» («20 минут оқып, 5 минут эссе жаз»)

5. «Оқы және өзгеге сыйла» букроссинг

Фестивальдің алғашқы сайыс күнін қаламыздағы №1, №2, №3 жалпы білім беретін орта мектептері бастады.

IMG 0023IMG 0060IMG 0129IMG 0134IMG 0136IMG 0196WhatsApp Image 2022 06 01 at 21.38.30WhatsApp Image 2022 06 01 at 21.38.31WhatsApp Image 2022 06 01 at 21.38.301