«Халықтың сүйікті әншісі – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген»

17 маусым күні «KIDS BOOK FEST - 2022» балалар кітап фестивалі аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, қайталанбас дауысымен әлем сахнасын бағындырған әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Халықтың сүйікті әншісі – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген» атты республикалық эссе байқауының марапаттау кеші өтті. Кештің сыйлы қонақтары:
Ақын, журналист, өнер зарттеушісі - Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Дабылова Айман Дәуітқызы, «ФАН-КЛУБ» мүшелері марапаттау рәсіміне қатысып, байқау жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады.

Бас жүлде - С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырманы, PR менеджері Қарлығаш Қашқынбай (теледидар);
1 орын - Павлодар облысының 9-класс оқушысы Ошал Мадина (смартфон);
2 орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Филология факультетінің 3-курс студенті Ержігітқызы Қарлығаш (смартфон)
3 орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Кәсіби-шығармашылық факультеті, Музыкалық білім мамандығының студенті Өмірзақова Мадина (фотокамера).

Республикалық эссе байқауына қатысқан барша қатысушыларларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлығы және сертификаттар берілді.

IMG 0083IMG 0089IMG 0112IMG 0125IMG 0128IMG 0174