«Жылыойдың жыр жүйрігі» атты әдеби кеш

14 шілде күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында елімізге белгілі ақын Айбек Қалмағанбетовтың қатысуымен «Жылыойдың жыр жүйрігі» атты әдеби кеш өтті. Кешті С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов жүргізіп, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бижан Қалмағанбетов, Айбек ақынның балалық шағының куәсі болған досы Нұркен Бөлтеков сөз сөйлеп, ақынға жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Құралай Серікқызы алғыс хат пен гүл шоғын сыйлап, ақынға шығармашылық табыстар тіледі.

IMG 0085IMG 0099IMG 0105IMG 0109IMG 0115IMG 0121

IMG 0129IMG 0147IMG 0150