Ырғыз ауданында «Ырғыз зиялылары және ұлт тарихы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті. С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхананың өлкетану бөлімі «Туған өлке тарихы» тақырыбында кітап көрмесін жасақтады. Көрме «Тарихы терең Ақтөбе», «Билер сөйлеп, батырлар ту көтерген», «Тарих торабындағы тағдырлар», «Ерен еңбекпен есейген», «Ғибрат қылдым кейінге», «Мәдениет пен әдебиет мәңгілік мирас», «Өлкенің табиғи, тарихи-мәдени мұралары» атты бөлімдерден тұрды. Ақтөбе облысының тарихы мен табиғаты, Ақтөбелік ақын-жазушылардың, мемлекет қайраткерлерінің туындылары мен «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен жарияланған жинақ оқырман қауымға ұсынылды.
- 195
Пайдалы сілтемелер