«Бір кем дүние» әдеби сағаты

15 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері Ақтөбе гуманитарлық колледжінде белгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Бір кем дүние» атты әдеби сағатын өткізді. Шараға аталған колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы турлы мәліметтер беріліп, колледждің оқытушысы Нұргүл Бақытжанқызы жазушының шоқтығы биік туындыларына тоқталып, тағылымды ойларымен бөлісті. Шараға «Ұлт рухының жаршысы» атты кітап көрмесі дайындалып, библиографиялық шолу жасалды. Шара нәтижесін білу мақсатында студенттермен қызықты викториналық ойындар ойнатылды.

IMG 0003IMG 0008IMG 0022IMG 0029IMG 0053IMG 0060