«Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты

14 қыркүйек күні коворкинг орталығында «Ой маржаны - кітап» атты медиа жобасы аясында экономика ғылымдары магистрі, «Bookcafe» кітап дүкенінің коммерциялық директоры Нұрсұлтан Ақылбекұлымен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты өткізілді. Шара барысында «Bookcafe» кітап дүкені жайлы арнайы дайындалған бейнематериал көрсетілді. Кітап дүкеніне қатысты барлық сұрақтарға жауап алынып, кеш қонағы мен көрермендерге қызықты ойындар ойнатылды.Нұрсұлтан Ақылбекұлы өзінің сүйікті авторларымен бөлісіп, оқуға кітаптар ұсынды. Кеш соңында жастарға кітап оқудың артықшылығы мен пайдасы туралы сөз қозғап, студенттерге сәттілік тіледі.

IMG 0014IMG 0021IMG 0017