20 қыркүйек күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырған «Туған жер өрнектері» атты облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы өтті. Облыстық әдеби шығармашылық іс-шараға С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Т.Тілеулесов, №69 ЖБОМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Алашбаева, кітапхананың жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс бөлімшесінің баспасөз хатшысы М.Сандыбай қазылық етіп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады.
1-орын Жақсылық Әлихан I дәрежелі Дипломмен марапатталды және смартфон Samsung A12.
2-орын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті Жанова Аружан II дәрежелі Дипломмен марапатталып, смарт-сағаты.
3-орын Д. Қонаев атындағы ЖББОМ 10-сынып оқушысы Өтеуалина Азеля III дәрежелі Дипломмен марапатталып, сыйлыққа фитнес браслет табысталды.
10 ынталандыру сыйлығы және барша қатысушыларға алғыс хаттар берілді.