«ЖЫР- ҒҰМЫР» атты жыр кеші

12 қазан күні қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәбит Баймолдиннің 80 жылдық мерейтойына орай «ЖЫР - ҒҰМЫР» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызына кештің алғы сөзі берілді. Сонымен қатар Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттауда елеулі еңбек сіңірген азаматтардың бірі һәм бірегейі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» серіктестігінің директоры Отыншин Раукен Сағызбайұлы мен Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы және ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ахатұлы Ашықбаев шараға қатысып, естеліктерімен бөлісіп, өзіндік пікірлерін білдірді.
Шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ертай Ашықбаев пен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәбит Баймолдиннің жары Жантөре апа ақынның есімі берілген оқу залының салтанатты ашылуына ат салысты. Қатысушылар  «Өмірі өлеңмен нұрланған» атты кітап көрмесімен танысты және Сәбит Баймолдиннің жеке кітапханасымен, жеке жұмыс үстелімен, сонымен қатар аты-жөні берілген айшықты мөрін тамашалады.  Ақтөбе қаласының №30 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Асқарқызы Мадина, Сисенбай Камила, Аманбай Нұрайым және №37 мектеп оқушысы Береке Тұрғын мен №64 Ұзықбай Құлымбетов атындағы  мектеп оқушысы Санжар Мүбарак Сәбит Баймолдиннің туған жерге арналған өлеңдерін оқыды.
Шараның қорытындысында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәбит Баймолдиннің қызы, Алматы қаласы А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапхана директоры Лейла Сәбитқызы жылы лебізін білдіріп, ақынның жеке қаламсабын, диктофонын, радиосы мен құжаттарын Байғанин аудандық музейіне табыстады. Ақтөбе политехникалық колледж студенттері «Жыр-ғұмыр» атты жыр кешін тамашалады.

IMG 0002IMG 0007IMG 0026IMG 0029IMG 0038IMG 0049IMG 0059IMG 0073IMG 0087