Азаттықты аңсаған алаш арысы

  11 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ақтөбелік алаш қозғалысының мүшесі Ә.Жүндібаевтың 130 жылдығына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, т.ғ.к. Әлібек Аманның, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы Қобда аудандық филиалының төрағасы Н.Қ.Кереймағанбетовтың, «ZOOM» қосымшасымен Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Н.Жетпісбайдың, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің «Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасының т.ғ.д., профессор В.Е.Джундибаев пен филология ғылымдарының докторы, профессор С.Б.Жұмағұлдың, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, т.ғ.к. Ө.Ы.Исеновтың, қатысуымен «Азаттықты аңсаған алаш арысы» республикалық конференция өткізді.
Шара қонақтары ақтөбелік алаш қозғалысының мүшесі Әбдіхамит Жүндібаевтың қайраткерлік тұлғасы, өмірі мен қоғамдық қызметі жайында тарихын баяндап, санаулы өмір белестерінің өзінде дүниені танып, жақсылыққа ұмтылып үлгергенін мақтанышпен айтып өтті.
Оқырмандар назарына «Алаш ардақтыларына тағзым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметіндегі қызметі жайында сипаттайтын слайд көрсетілді. Конференцияға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары, тарихшылары, студенттері, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

IMG 0002 IMG 0002 IMG 0002 IMG 0002 IMG 0002 IMG 0002