11 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым Х.Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай «Арнаған азат таңға жан өрісін» тарихи-танымдық кеш өткізді.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, ф.ғ.к., доцент Н.А.Сәдуақас пен тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспенбетова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті,т.ғ.магистрі, аға оқытушы Б.А.Молдин,М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, экономика ғылымының магистрі А.К.Мырзагулова, Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебінің мұғалімі Б.Ә.Кәриева қатысып, халқымыздың ғылымын дамытуға, тілін сақтауға, тарихын зерттеуге, өнері мен әдебиетін өркендетуге білім беру және денсаулық сақтау салаларын ұйымдастыруға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған ардақты тұлға жайында баяндады.
Кешке М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері, №32 мектеп-гимназия оқушылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында «Тұлға тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның өмірдерегін сипаттаған слайд және «Х.Досмұхамедұлы-ұлт мақтанышы» атты деректі фильм көрсетілді.