Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат

23 мамыр күні кітапханада Ұлы ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай     1 сәуір мен 17 мамыр аралығында  жарияланған «Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат» облыстық эссе жазу байқауының қорытындысы өтті.
           Байқау нәтижесімен, 36 қатысушының  эссе жұмыстары байқау комиссиясының төрағасы, ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Н.А.Қалауов және мүшелері: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің PhD докторанты, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Обаева, №30 қазақ орта мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ж.Қобландина, ұстаз, ақын, көркем өнер иесі С.Қайдасовтың тексеруімен іріктеліп, 7 қатысушы жүлделі: С.Бәйішев атындағы Жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті Әліби Батырбекұлы Сағидолла бас жүлдеге, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің студенті Мәдина Болатқызы Төлеуіш I орын, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 11-класс оқушысы Карина Муратовна Лукманова II   орын, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп гиназияның 10 - класс оқушысы Әділхан Диана Серікжанқызы III орындарға ұсынылды.
            Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің студенті Сандуғаш Полатбайқызы Аманғалиева «Асыл мұра-аманат», гуманитарлық колледж студенті Аружан Еркінқызы Жанова «Ұлттық мұра», Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледж студенті Парасат Байкенұлы Кенжебаев «Шәкәрім мұрасы-мәңгілік мұра» номинацияларымен және байқаудың 29 қатысушысы арнайы Сертификаттармен марапатталды.   
    Шара барысында «Шәкәрім шыңы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590 IMG 8590