С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
«ӘНГЕ АЙНАЛҒАН САҒИ ӨЛЕҢДЕРІ»
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

29 ақпан күні «Оқитын өлке» облыстық акция аясында таңдалып алынған лирик ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған «ӘНГЕ АЙНАЛҒАН САҒИ ӨЛЕҢДЕРІ»  әдеби-музыкалық кеш өтті.
        Шараға Сағи Жиенбаевтың тумасы Игілік Шынбайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ана» республикалық журналының редакторы, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысы Алмагүл Сарыбаева  қатысып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті.
         Сонымен қатар, оқырмандарға Алматы қаласынан ZOOM платформасы арқылы ақынның аяулы жары Уәзипа Жиенбаева жылы лебізін  білдірсе,  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының мүшесі, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, Қазақ телевизиясының ардагері, Қазақ журналистикасының қайраткері, қоғам қайраткері, публицист  Жұмаш Кенебай-Көкбөрі қатысып, ақын Сағи Жиенбаев  туралы: «Сағи ағамен 1970 жылдардың бас кезінде жақсы таныстым. Ол кісі ол кезде Жазушылар Одағының беделді ақындардың бірі еді. Сол кезде «Балауса» өлеңдер жинағы шыққан еді. 122 адамның өлеңдері жинақталды. Сол кітапқа Сағи Жиенбаев пікір білдіріп, қол қойған еді. Ол кезде жиырма жастамын. Сағи ағаның кереметтілігі ешкімді жатырқамайтын ...», - деп естеліктермен бөлісті.
       Шара барысында кітапхана қызметкері Гүлбану Какенова «Сырлы саз, жырлы наз»  кітап көрмесінің библиографиялық шолу жүргізді. Сағи Жиенбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы фото-шежіре слайд ұсынылды.
       Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология  факультеті жанынан құрылған «Жас қаламгер» клубының мүшелері Артурқызы Әсел, Қайрбек Айдана, Қарағұл Тұрсынбек, Сағи Жиенбаевтың  «Бозторғай»,  «Мұхтар аға», «Тұлып», «Әлия» өлеңдерін оқыса, қалалық №9 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Индира Каиржанова, Амина Акмурзаева Генадий Серебряковтан аударған  «Алия», Вл.Диваковтан аударған «Я так хочу, чтобы стихи мои...» өлеңдерін оқып берді. Сондай-ақ, ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтың  «Айналдым елім», Досхан Жолжақсыновтың  «Қарттарым аман-сау жүрші»  әндері шырқалды.  Кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова шараны қорытындылай келе, ақынның мерейтойына орай шаралар өз жалғасын табатындығы жөнінде айтып өтті.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1