Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы

14 наурыз күні археолог, этнограф, тарихшы, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлкей Марғұлан  мұрасы – ұлттың рухани байлығы» тарихи – танымдық сағаты өтті.
Шараның басты мақсаты –өскелең ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды қалыптастырып, ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, өмірі мен ғылыми жолын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Шарада кеш қонақтары: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы З.Б.Мендеева,Ә.Марғұлан атындағы археология институтының Батыс Қазақстан аймағы бойынша филиалының директорыА.М.Мамедов,Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының тарихшы маманы М.Қ.Баирова, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері  Н.Н.Уразмагамбетов Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығы, зерттеулері, ғылыми еңбектері туралы баяндамалар жасады.
Шара барысында Әлкей Марғұланның мұрағатта сақталған жанды дауыстағы бейне баяны көрсетіліп,«Дала перзенті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Оқырмандар назарына ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары ұсынылды. Сонымен бірге, кітапханамыздың жас маманы А.Қойшығалиева жәнеАқтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті Н.Ә.Ярлықашын«Әлкей Марғұланға» арнап жазылған өлең жолдарын тарту етті.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1