С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
«Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс»
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

29 сәуір күні сөзсіз тарихымыздағы ең бір қастерлі есімдердің бірі, артында үлкен із қалдырған күрескер тұлға, әрі қайраткер  Жоламан Тіленшіұлының есімін ұлықтап, жас ұрпақты ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Нұржан Жетпісбайдың 2023 жылы Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» баспасынан жарық көрген «Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс» кітабының таныстырылымы өтті.
Кітап үзілістерімен 1822-1840 жж. аралығында болып өткен Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті сипаттауға арналады. Аталған көтеріліс қазақ даласында отарлауға қарсы ұйымдастырылған ең ірі қарсылықтардың бірінен саналады. Ғылыми еңбек тікелей архив деректеріне негізделген. Мұнда бұрын белгісіз болып келген көптеген оқиғалардың шынайы келбеттері деректер негізінде қалпына келтіріліп, қалың көпшілікке тұңғыш рет ұсынылып отыр.
СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Ардагерлер ұйымы» және «Көкжиде Эко» қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы  Б.Қ. Абдулланың, өлкетанушы Қ.Б. Құттымұратовтың, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновация департаментінің бас ғылыми қызметкері, аға оқытушы, философия ғылымының PhD докторы Б.Б.Байшовтың, тарихшы және қоғам қайраткері И.Бітіктің қатысуымен өткен  шарада Жоламан Тіленшіұлы және оның шығу тегі, XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдайы, көтерілістің кезеңдеріне кең көлемде тоқталып өтті.
Шара барысында  аталмыш кітаптың авторы Н.Жетпісбай «зум» қосымшасы арқылы қосылып, Отан тарихындағы ең бір аз зерттелген Жоламан мен оның қарулас серіктерінің есімдері мен қылған іс-әрекеттері жайында баяндап берді.
Кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Ел қорғаған батырлар ерлігі-ұрпаққа мұра» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Тарих факультеті» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, қала мектептерінің кітапханашылары мен тарих пәні мұғалімдері, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1