С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы
- Ақылдылардың сөздерін
жаттаған адам
өзі ақылды болады.
« Халық жүрегіндегі Қаһармандар»
item->images); ?> image_intro) && !empty($imageObject->image_intro)){?>

22 мамыр күні кітапхана қызметкерлері Кеңес Одағының Батырлары, Халық қаһармандары Бауыржан Момышұлына арналған және Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғандарына 100 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі Қаһармандар»  танымдық сағатын өткізді.
Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлерінің арасында өшпес ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың ерлігі жайында мәліметтер беріп, олардың есімдерін ұрпақ жадында мәңгі есте сақтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатындағы шараға М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Б.А.Молдин, «Қазақстан өлкетанушылар одағы» облыстық филиалының төрағасы, «Қазақстанның үздік өлкетанушысы» Б.М.Мырзабаев, «Білім-Инновация» лицейінің тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі А.Ғ.Батыргалиева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы З.Б.Мендеева, ақын, аудармашы, ҚР-ның Жазушылар одағының мүшесі Г.Әбішқызы, Б.Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ә.Жамангараева қатысып, қазақстандық батырларымыздың ерен ерліктерін жастарға терең әңгімелеп берді.
Сөз кезегінде С.Нұрмағамбетов атындағы қордың Ақтөбе қаласы бойынша өкілі Т.Сұлтанбек аталмыш қордың мақсат-міндеттерін айтып, кітапхананың кітап қорына сыйға кітаптар берсе, Қазақстанда тұңғыш ашылған «Номад» қонақ үй галереясының иесі Р.А.Әбдікәрімова Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі жайында картаны табыстады.
Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына арнап №40 қазақ орта мектебінің оқушылары-Г.Ұ.Оразбай, А.Ж.Жақыпова, Н.О.Назым ақын М.Әлімбаевтың «Батырлардың батыры» өлеңі мен «Ту тіккен» поэмасынан  және ақын К.Салықовтың «Сағадат–ер жігіттің ақсұңқары» өлеңінен үзінділер оқып берді.
Шараға қатысушылар: Ақтөбе облысының мәдениет,  архивтер және құжаттама басқармасы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылық құрамы, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанттары, көлік, коммуникация және жаңа технологиялар,құрылыс-монтаж колледждерінің оқытушылары мен студенттері, №40 қазақ орта мектеп кітапханашылары және оқушылары, кітапхана оқырмандары.
Шара барысында «Тарих беттері сыр шертеді» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. 

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1