23 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған «Қойнауы құт, жері бай, өркенді өңір – Ақтөбе!» мерекелік кеші ұймдастырылды.
Шараға өлкетанушы, тарихшы, «Жыл адамы» атағының иегері, «Мой город на Белом Холме» тарихи-документалді сериалының бас редакторы, «Естелік Кітабы» телевизиялық тарихи-документалді сериалының редакторы, журналист Генрих Боровиктің «Премия Артема Боровика-2020. Честь.Мужество.Мастерство» атты премиясын жүлдегері Роза Балдығарина, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы, ақын Гүлжаһан Төреханова, КГУ «Visit Aktobe» туристтік ақпараттық орталығы» туристермен жұмыс бөлімінің басшысы Балмира Манапбаева қатысып, Ақтөбе туралы мәліметтер берсе, композитор, ҚР-ның Білім беру ісінің үздігі, Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының екі мәрте жүлдегері, лауреаты, «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, Халықаралық Композиторлар Одағының мүшесі, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының музыкалық редакторы Құрманбай Қосжанов Ақтөбенің мерейтойына ақын Гүлсамал Аймаханованың сөзіне жазылған өзінің «Айналайын, Ақтөбем!» әнін орындап берді.
Шара барысында кітапханашылар «Ақтөбе - құтты мекен» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, «Айналайын, Ақтөбе» фото-шежіре слайд, «Туған күніңмен, Ақтөбем!» бейне құттықтау, «Гүл-Ақтөбем!» бейнежазбасын ұсынды. Кітапхана оқырмандары Таңнұр Қуанышева, Шапағат Ақмалай, Әлішер Інжіл, Милана Колединцева Есенбай Дүйсенбайдың «Ақтөбеге келгенде», Талғат Тілеулесовтің «Ақтөбем», Қуандық Шаңғытбаевтың «Ақтөбеге арнау» өлеңдерін оқып береді.
Мерекелік шара соңында кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова құттықтау сөз айтып, қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.