4 маусым күні «Кітап фестивалі - 2024» аясында актөбелік жазушы Мади Раимовтың «Хранитель» жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Шара барысында оқырмандар жазушының шығармашылығымен танысты. Ол «Последний оплот тюрков», «Тюрки южного Кавказа», «Однажды в Грузии», «Молитва», «Хранитель» атты кітаптардың авторы. Жаңа кітабының таныстырылымына Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Балмагамбетова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл шараға кітапхана оқырмандары, қала зиялылары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, жазушының туыстары мен достары жиналды. Автор ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, барша жиналғандарға ризашылығын білдірді. Шара соңында кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова кітап авторына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.