С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Халық батыры Сапура Мәтенқызының 270 жылдығына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ САПУРА» республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – оқырмандарға Халық батыры Сапура Мәтенқызының есімін ұлықтап, ол туралы айтылған халық аузындағы аңыз-әңгімелер мен шығармаларды насихаттау.
         Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Табылды Досымов» атындағы қоғамдық республикалық қорының жетекшісі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бижан Қалмағанбетов, ақын, «Ерен еңбегі үшін» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ҚР Жазушылар  одағының Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлығының лауреаты Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын,  ҚР Жазушылар және Журналистер  одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауов, Филолог-өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану  музей  жанындағы «Руханият» патриоттық-танымдық клуб төрағасы, «Аманат» экспедиция  жетекшісі Жібек Абдуллина, облыстық тарихи-өлкетану музейінің  Қобда сектор бөлімінің меңгерушісі Гулбаршын Ерғалиева, белгілі мүсінші, ҚР Сүретшілер одағының мүшесі Ахмет Құбаев, тарихшы, өлкетанушы Исламғали Бітік, кітапхана оқырмандары мен Ақтөбе гуманитарлық колледжі, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің студенттері қатысты.
       Сонымен қатар, ZOOM қосымшасы арқылы Алматы қаласынан Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, Phd докторы Нұржан Жетпісбай, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай  өңірлік университеті тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Өтеген Исенов, Қызылорда қаласынан өлкетанушы, зерттеуші, ҚР Журналистер, заңгерлер  Одағының мүшесі, полиция полковнигі Хұсайын Қоразбаев қатысты. Шара барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Жоғары колледжі, бизнес және Құқық Жоғары колледжінің студенттеріне «Ел қорғаны - Сапура Мәтенқызы» атты мерзімді басылымдар көрмесінің библиографиялық шолуы жүргізілді. Конференция қортындысы бойынша Ақтөбе облыстық музейіне Сапура Матенқызы туралы зерттеуге Гранттық жобаға қатысуға ұсынылды  және Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих кафедрасына магистранттарға дисертация тақырыбына Халық батыры Сапура Мәтенқызының ерлік жолдарын зерттеу ұсынылды.

IMG 8415 IMG 8415 IMG 8415 IMG 8415 IMG 8415 IMG 8415 IMG 8415 IMG 8415