«Алаш ұлы» атты тарих сағаты

3 наурыз күні оқу залы бөлімшесінің кітапханашылары «Кемел Білім» мектеп-интернатымен бірлесіп, Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Алаш ұлы» атты тарих сағатын өткізді. Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспембетова туған жұртының азаттығы үшін саяси жолдағы Ә.Бөкейхановтың қызметіне тоқталып, дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі А.Г.Батыргалиева қазақ ғылымындағы еңбектерін, оның бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығын атап, №30 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Д.Джугунысова өміршең көзқарастарын кеңінен баяндап берді.
Шара барысында «Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі, «Әлихан Бөкейханов-тарихи тұлға» тақырыбында слайд ұйымдастырылып, Алаш көсемінің өмірдерегін баяндаған бейнетаспа көрсетілді.
Нәтижесінде,Отанына адал қызмет жасағысы келетін, жүрегі қазақ деп соққан әр азамат Алаш тарихын,соның ішінде Алаш азаматының ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасынан мол тағылым ала білді.

baishevabiblioteka 154272647 3403937313044821 2896199737060734793 nbaishevabiblioteka 156282889 125400786165311 4243343260706588093 nbaishevabiblioteka 156296002 893716081407072 1506605139898903461 nbaishevabiblioteka 156673824 740971326780376 8273950281437898815 n