«Заманауи кітапхана: ақпарат, инновация және серіктестік диалог кеңістігі» атты семинар

25 маусым күні кітапханада «Заманауи кітапхана: ақпарат, инновация және серіктестік диалог кеңістігі» тақырыбында семинар өткізілді.
Шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Халық шығармашылығы және кітапхана жұмысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айтжанова Бекзат Ерғалиқызы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Нұр Отан партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер мен балалар құқын қорғау жөніндегі аймақтық комиссияның төрайымы Жаншаева Бақытхан Құрманқызы, «Жеті өнер» ұлттық компаниясының жетекшісі, елімізге белгілі отандық кәсіпкер Сәкен Болыс және облыс кітапханаларының директорлары қатысты.
Шара барысында кітапхана жұмысына талдау, балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылына ұсынымдар, кітапхана жобаларын талқылау, балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының  әл – ауқатын көтеру мақсатында қаржы бөліну материалды – техникалық базаларын жаңарту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

123456