«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»

Жолдауды талқылауға Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі А. Тайжанов, Ақтөбе гарнизоны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник О.А.Баратов және қызметкерлері, 30238 әскери бөлімі, жастар, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Алтай Тайжанов ғылыми тұрғыда жолдаудағы міндеттер мен бағыттар бойынша өз ой – тұжырымдарын ортаға салды. О. Баратов ел өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери қырларының толыққанды қамтылғанын тілге тиек етті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Т.Б.Тілеулесов, өлкетану бөлімінің меңгерушісі Б.А.Снабаева Жолдауда халық тұрмысын көтеруге және мәдениет саласындағы еңбек етіп жүрген мамандардың әлеуметтік мәселелері туралы айтты. Кітапхана директоры Қ.Раймбаева «Облыста 236 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Кітапхана саласында барлығы 778, оның ішінде 516 кітапханашы маман жұмыс істейді. Президенттің Жолдауда бізді қолдауы ұлттың руханиятына еңбек сіңіріп жүрген кітапханашылардың мерейін асқақтатты»,- деп өз ойын түйіндеді. «Жолдау - ел болашағының айқын көрінісі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

IMG 0030IMG 0048IMG 0053IMG 0058IMG 0064IMG 0086